ТҮРКИЯ ДИПЛОМАТЫ ЛЕВЕНТ МУРАТ БУРХАН СТУДЕНТТЕРМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Түркия Республикасының белгілі дипломаты Левент Мурат Бурхан Экономика және басқару факультетінің студенттері және оқытушы-профессорларымен онлайн кездесу өткізді. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына орай дипломатиялық сұхбаттар сериясы аясында – «Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы және Түркияның БҰҰ жүйесіндегі орны» тақырыбында баяндама оқыды.
Басты мақсат – Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдық тарихын, оның қазіргі жаһандық саясаттағы орны және Түркия Республикасының БҰҰ жүйесіндегі рөлін саралау. Көпжақты дипломатия тәжірибесі мен халықаралық ұйымдардағы мемлекеттің ұстанымын талқылау.
Левент Мурат Бурхан – 1982 жылдан бастап Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарған кәсіби дипломат. Сонымен қатар, Сомали, Германия, Болгария, Ресей және Грузия елдерінде түрлі лауазымды қызметтер атқарған маман.Түркия СІМ-де Протокол басқармасының басшысы және Көпжақты саяси мәселелер жөніндегі хатшының орынбасары, Біріккен Ұлттар Ұйымының істеріне жауапты болған.
Басқосу соңында қатысушылар тың ақпараттармен бөліскен спикерге алғыстарын білдірді.


Құрметті ғылыми қауым өкілдері!
Сабақ кестесі
ӘЙЕЛДЕРДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТУ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТЕГІ КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ
ТЕҢДІКТІ ТҮСІНУ: БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕМ
БҰҰ-НЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ КЛИМАТТЫҚ ДАҒДАРЫС
БҰҰ-НЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНДА ҚАРУЛАНУ ЖӘНЕ ҚАРУСЫЗДАНУ
БҰҰ-НЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНДА ТҮРКИЯ-ГРЕКИЯ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Біріккен ұлттар ұйымының 80 жылдығы және Түркияның БҰҰ жүйесіндегі орны
Азаматқа қызмет ету:бір кәсіби маманнын біріккен ұлттар ұйымындағы жолы
Халықаралық көші-қон үдерісі
Таяу шығыстағы соңғы оқиғалар аясында ирактың геосаяси маңызы 