shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

Әділ Құрманжанұлы Ахметтің дипломатия саласындағы кәсіби жолы

2026 жылдың 28 қаңтар күні С. Пралиев атындағы конференц-залда көрнекті тұлға Әділ Құрманжанұлы Ахметпен кездесу жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның басты мақсаты — тәжірибелі дипломаттың кәсіби жолын үлгі ете отырып, болашақ мамандарға бағыт-бағдар беру.

Кездесуге Экономика және басқару факультетінің, атап айтқанда Халықаралық қатынастар кафедрасының студенттері мен оқытушы-профессор құрамы белсенді қатысты. Отырыс барысында нағыз дипломаттың бойында болуы тиіс кәсіби және тұлғалық қасиеттерге терең талдау жасалды. Әділ Құрманжанұлы өз тәжірибесіне сүйене отырып, дипломат үшін білімділік, саяси көрегендік және ұлттық мүддені қорғай білудің маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында қатысушылар бұл іс-шараның болашақ халықаралық қатынастар мамандары үшін теориялық білім мен практикалық тәжірибені ұштастырудағы маңыздылығын жоғары бағалады.