«АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ТҮСІНІГІ. АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІ

  • 02.05.2024 10:30
  • Прәлиев конференция залы

image

Бүгін университетімізде Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының қабылданғанына 75 жыл толуына және Қазақстанның Бала құқықтары  туралы Конвенцияны қабылдауына 30 жыл толуына орай, Экономика, басқару және құқық факультетінің ұйымдастыруымен «Адам құқығы түсінігі. Адам құқығы және заң үстемдігі» атты ғылыми семинар өтті.

Ғылыми конференцияға Өзбекстан Республикасы Ташкент мемлекеттік заң университетінің ғалымдары және факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы, магистранттар мен докторанттар және студенттері қатысты. 

Семинар мақсаты – Адам құқықтары мен бостандықтары аясында адам және азамат құқығын жан-жақты қарастыру, «адам», «жеке адам», «азамат» санаттарының арақатынасын саралау, жеке адамның әлеуметтік тұрғыдағы сипаты мен рөлін және қоғам алдындағы жауапкершілігін талқылау. Сондай-ақ, адамзат баласының ең құнды байлығы болып табылатын адам құқықтары мен бостандықтарын барынша ашық насихаттау, дәріптеу.

Жиын барысында заң ғылымдарының докторы, профессор Дилдора Базарова «Қылмыстық сот ісін жүргізуде жеке құқықтардың кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері» атты маңызды баяндама жасады. 

Сондай-ақ, Ташкент мемлекеттік заң университетінің өзге де ғалымдары: Өзбекстан заңнамасы бойынша коллизиялық нормаларды қолдану, Тәркілеуге жататын мүлікті қылмыстық жолмен алуды растайтын мән-жайларды дәлелдейтін қылмыстық іс жүргізу принциптерін іске асыру ерекшеліктері, Сот процесінде заң үстемдігін қамтамасыз етудегі және адам құқықтарын қорғаудағы адвокатураның рөлі сынды т.б тақырыптарда тың ақпараттармен бөлісті. 

Ғылыми семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, пікір алмасты.