ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ЖӘНЕ СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУ
2026 жылғы 25–31 қаңтар аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастырған іссапар шеңберінде Симуляциялық орталық директоры Тулежанов Ербол Нуриллаевич және оп ератор-программист маманы Жақсылық Таңшолпан Нұрланқызы Қарағанды медицина университеті мен Астана медицина университетінің симуляциялық орталықтарымен танысты.
Іссапардың негізгі мақсаты – университеттің симуляциялық орталығын халықаралық стандарттарға (ДДҰ, ACGME, WFME) сәйкес дамыту, сондай-ақ Қазақстандағы жетекші медициналық оқу орындарының симуляциялық орталықтарымен тәжірибе алмасу. Бұл тәжірибе студенттердің практикалық дағдыларын жетілдіру және медициналық білім сапасын арттыруға бағытталған.
Қаңтар айының 26-27 күндер аралығында Қарағанды медицина университетінің Симуляциялық және білім беру технологиялары орталығының директоры Кемелова Гулшат Сейтмуратовна және орталық қызметкерлері қарсы алып, орталықтағы роботтандырылған симуляторлардың жұмыс қағидалары, симуляциялық оқыту бағдарламалары, оқу, басқару және бағалау жүйелері таныстырылды.
Сонымен қатар 29-30 күн аралығында Астана медицина университеті, Симуляциялық орталығының басшысы Саурбаева Гаухар Кайратовна қарсы алып, жаңа әдістерді көрсету және тәжірибе алмасу жұмыстарын ұйымдастырды.
Іссапар барысында қатысушылар роботтандырылған симуляторлар, симуляциялық оқыту бағдарламалары, басқару және бағалау жүйелерімен танысып, жаңа технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасты.
II. ЖШС «МЕДИЦИНАДАҒЫ СИМУЛЯЦИЯНЫҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҚОҒАМЫ» (ЕURASIM) ҚҰРУ
Қарағанды медицина университетінің Симуляциялық және білім беру технологиялары орталығының директоры Кемелова Гулшат Сейтмуратовна, Медицина саласындағы симуляцияның Еуразиялық қоғамы (EurASim) атты Бірінші ұйымдастырушылық кездесуды онлай форматта 30 қаңтар 2026 жылы өткізілді.
.png)