Biyografi
Өмірбаян Турысбекова Жадыра Абдихановна 1984 жылы 17 тамызда Түркістан қаласы, Бабай қорған елді мекені, Үлгілі ауылында дүниеге. Білімі: 1991-2001 жылдар аралығында Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебін үздік аяқтап, жоғары оқу орнын Қожа Ахмет Яссауи атындағы халық аралық Қазақ Түрік университетін 2001-2005 жылдар аралығында Жаратылыстану математика факультетін «Физика және информатика» мұғалімі мамандығын бакалавр квалификациясында тәмәмдаған. Еңбек жолы: 2005 қыркүйектен- наурыз айына дейін Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ кентау қалалық филиялында оператор. 2005-2008 жылдар созақ ауданында мектептерінде «физика және информатика» мұғалімі болып жұмыс атқарған. 2008-2019 жылдары Кентау көпсалалы колледжінде оқытушы қызметін атқарған. Қазіргі таңда 2020 жылдан бастап Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясында мұғалім қызметін атқарып келеді. Жалпы еңбек өтелі жиырма бір жыл уақытты қамтиды. Екі ұлдың анасы тұңғыш ұлы Алматыдағы «Абай атындағы қазақ ұлттық университетінде» ІV курс студенті болып Бегдуллаев Нұрдаулет Хантөреұлы «Математика статистика» мамандығында оқиды, екінші ұлы Бегдуллаев Нұрислам Хантөреұлы «GRANT» мектебінде 10 сынып оқушысы. Жолдасы өмірден өткен. Өмірлік ұстанымы «заманға қарай үздіксіз білім ал», «еңбекті ақылмен, біліктілікпен, махаббатпен жаса», «ұл -қыздың біліміне аямай қызмет жаса, инвестиция құй». Жастарға өзіне, Отанына адал болуды дәріптеуді үнемі насихаттау. Турысбекова Жадыра Абдихановна 07.10.2026
Öğrenim Bilgileri:
-
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Lisans


