❝Öğretim kalp için ışık, akıl için ışıktır.❞
     Ahmet Yesevi
P
team

Тлеухан Дәурен Тлеуханұлы

Yükseklisans, Okutman
—
Телефон
Bina Adı
—
Birim
Kazak Filolojisi Bölümü
Oda No

Biyografi

Дәурен ТІЛЕУХАН - ақын, «Сағыныш сыбыры», «Нәзік түндегі ноктюрн» кітаптарының авторы.  Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының  мүшесі. Халықаралық “Алтын қалам” байқауының жеңімпазы. Халықаралық «ШАБЫТ» фестивалінің Гран При иегері.2000 жылы 28 қазанда Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Көрпе ауылында дүниеге келген. 2018 жылы Еңбекту орта мектебін «Алтын белгімен» тәмамдады. 2018 жылы Павлодар қаласында Ақберен республикалық оқушылар байқауында «Ақындар мүшәйрасында» бас жүлде иеленіп, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне оқу грантын жеңіп алды.2018-2022 жылдары Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде филология  мамандығы бойынша  білім алды.2022-2024 жылдары аталған университетте педагогика ғылымдарының магистрі атағын алды.  2022 жылдан бері «Түркістан» қалалық газетінде жауапты редактор қызметін атқарады.Аbai телеарнасында “Поэзия қағанаты”  және “Сөз патшасы” бағдарламасы, Еларна телеарнасының «Жаңа қадам» ток-шоуы Дәуреннің шығармашылығына арнап эфирлер әзірледі.Ақынның бірнеше өлеңдері түрік, өзбек және қырғыз тілдеріне аударылып, әдеби басылымдарда жарыққа шыққан.

Öğrenim Bilgileri:

  • Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
    Yüksek Lisans
  • Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
    Lisans