❝Öğretim kalp için ışık, akıl için ışıktır.❞
     Ahmet Yesevi
team
Baibakhov Nurbol Abdraimovich
Dr., Kıdemli Okutman
Телефон
Bina Adı
Rektörlür
Birim
Uluslararası İlişkiler Bölümü
Oda No
3-117

Biyografi

Мен, Байбахов Нұрбол Абдурайымұлы 1983 жылы 1-ақпанда ОҚО, Түркістан ауданы, Шоқтас елдімекенінде дүниеге келдім. 2000-жылы орта мектепті бітіріп, «Социология және Демография» мамандығы бойынша Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне грант негізінде оқуға түстім және 2004 жылы оқуымды сәтті аяқтадым. 2004-2006 жылдары аталған университетте «Әлеуметтану» мамандығы бойынша грант негізінде магистратура оқыдым. 2006-жылдың ақпан-қыркүйек айларында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, «Шағын социологиялық зерттеулер орталығында» жетекші маман қызметін атқардым. 2006-жылдың қыркүйек айында аталған университеттің «Әлеуметтану және Саясаттану» кафедрасына оқытушы қызметіне қабылдандым, 2010-2014 жылдар аралығында Заң факультетінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары болып қызмет атқардым. 2014-жылы «Туркия бурслары» атты халықаралық бағдарламамен Түркия Республикасына Сельчук университетіне «Әлеуметтану» мамандығы бойынша докторантураға (PhD) оқуға түсуіме байланысты өз өтінішім негізінде жұмыстан шықтым. 2020-жылы докторантураны  (PhD) сәтті  аяқтап «Әлеуметтану» мамандығы бойынша доктор (философия докторы/PhD) академиялық дәрежесін алдым. 2021-жылдың қаңтар айынан бастап Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, «Рухани жаңғыру» ҒТО және «Саналы ұрпақ» кеңсесінде «менеджер» болып жұмыс жасадым. 2021-жылдың қыркүйек айынан бері “Халықаралық қатынастар” кафедрасында PhD, аға оқытушы қызметін атқарудамын. 2013 жылы «Өрлеу» бағдарламасы аясында ҚР ЖОО-ның педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін көтеру курсы бойынша (240 сағат) Ұлыбританияда  Норвич тіл білімі институтында (Norwish Institute for Language Education) біліктілік көтердім. 10 нан аса ғылыми еңбектерім жарық көрген. Білім беру, ғылым мен тәрбие салаларында атқарған жұмыстарым бойынша университет қабырғасында алған бірнеше марапаттарым бар. “Әлеуметтану” пәнінен бакалавр деңгейіндегі білім алушыларға дәріс жүргіземін.

Öğrenim Bilgileri:

  • Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi
    Lisans
  • Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi
    Yüksek Lisans
  • Selçük Üniversitesi
    Doktora

Bilimsel Metrikler

ORCID
ORCID ID 0000-0002-4068-4385
Staj / Belge:
  • Certificate (2024 г.)
  • Skills Technology Foresight (2024 г.)
  • Hikaye anlatımı ve etki: etkili iletişim (2024 г.)
  • Etkili problem çözme ve karar verme (2023 г.)
  • "Biyomedikal araştırmalarda etik" dersi (2022 г.)
  • Eğitim alanında yönetim (2022 г.)
  • Sosyoloji Alanında İleri Eğitim (2021 г.)
  • Uzaktan Eğitim Teknolojileri ile Öğretim ve Değerlendirme (2021 г.)
  • Kapsayıcı eğitim ve süreç organizasyonu (2021 г.)
  • Uluslararası Şartları Dikkate Alarak Sosyolojide İleri Eğitim kursu (2021 г.)
  • Türkçe Yeterlik Belgesi (2021 г.)
  • Kazakistan Cumhuriyeti Üniversitesi Pedagojik Uzmanlık Öğretmenleri İçin Eğitim Kursu (2013 г.)