Инженерия факультеті
Компьютерлік инженерия кафедрасы
Бағдарламалық кешендерді жасау мен қолдануға, жүйелерді жобалау, әзірлеу, енгізу және есептеу жүйелері мен желілерді сүйемелдеу, тестілеу, компьютерлік жүйелер мен желілерді құрал-саймандар мен бағдарламалық қамтамасыз етуге бағытталған IT-технология бойынша бағытталған бакалаврларды даярлау.
Білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының экономикалық даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды қолдану арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ғылыми және практикалық міндеттерін шешуге бағытталған жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау принципіне негізделген. Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық сапасын бағалауды реттейді және студенттерді оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізеді. Білім беру бағдарламасы әртүрлі кәсіптік құзыреттерді қалыптастыру үшін пәндердің траекториясын таңдаудың алуан түрімен ерекшеленеді. Білім беру бағдарламасының пәндері еңбек нарығына қажетті негізгі кәсіптік құзыреттерді қамтиды.
Білім беру бағдарламасы 2025-2026
Білім беру бағдарламасы 2023-2024
Білім беру бағдарламасы 2022-2023
Білім беру бағдарламасы 2021-2022
Элективті пәндер 2023-2024