shape
shape

Бағдарламалар

Филология факультеті / Орыс тілі және әдебиеті кафедрасы / Бакалавриат

6B02377 - Филология:орыс тілі мен әдебиеті

Course Image Филология факультеті Орыс тілі және әдебиеті кафедрасы

ББ мақсаты: 

Әлеуметтік, азаматтық сауаттылығы және терең пәндік білімі бар, тіл білімі мен әдебиеттану саласында жүйеленген білімді қалыптастыру бойынша ғылыми зерттеу дағдыларын меңгерген, инновацияларға ашық, мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға қабілетті орыс тілі мен әдебиетінің креативті мамандарын даярлау.

Берілетін дәреже: «6В02377 - Филология: орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша тіл білімі бакалавры

 

- жеке кәсіби салаларында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың түрлерін: интернет-ресурстарды, ақпаратты іздеу, сақтау, қорғау және тарату жөніндегі бұлтты және ұтқыр сервистерді қолдануға қабілетті (ОН1).

- мемлекеттік және шет тілдерінің орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық нормаларын сақтай отырып, әр түрлі стильдер мен жанрлардың ауызша, жазбаша мәтіндерін жасайды және коммуникативтік әрекетті құру стратегиясын және тактикасын иелене алады (ОН2).

- Қазақстандық қоғамның тарихи білімін, әлеуметтік, іскерлік, мәдени, философиялық және этикалық нормалары мен құндылықтарын қолдана алады (ОН3). 

- студенттердің әлеуметтік жеке тұлғалық құзыреттерін және салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып белсенді демалыс пен бос уақытты тиімді ұйымдастырады, дене шынықтыру мен спорттың әлеуметтік-мәдени тәжірибесі мен әлеуметтік мәдени құндылықтарын қолданады (ОН4).

 

6В02377 - Филология: орыс тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысынан сәтті өткен болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін). Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (26.07.2024 жылғы өзгерістері мен толықтыруларымен).

Студенттерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптар 

Студенттерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптар жоғары білімнің бірінші деңгейіндегі (бакалавриат) дублин дескрипторлары негізінде айқындалады және оқу кезінде қол жеткізілген нәтижелерден байқалатын меңгерілген негізгі құзыреттерді көрсетіледі. Оқыту нәтижелері барлық жоғары білімнің білім беру бағдарламасы деңгейінде де және жеке модульдер немесе оқу пәні деңгейінде де тұжырымдалады. Дескрипторлар студенттердің мынадай қабілеттерін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді: 1) осы саладағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсету; 2) кәсіби деңгейде білім мен түсінуді қолдану, дәлелдерді қалыптастыру және оқытылатын саладағы мәселелерді шешу; 3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асыру; 4) оқытылатын салада оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану; 5) оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдылары; 6) ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты білу және оларды оқытылатын салада қолдану; 7) оқытылатын салада фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті білу және түсіну; 8) академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғыну.

«6В02377 - Филология: орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша тіл білімі бакалаврының қызметтік саласы: ғылым, мәдениет, мемлекеттік қызмет, жеке және қоғамдық ұйымдар

Маманның лауазымдарының тізімі

- ғылыми-зерттеу ұйымдарындағы кіші ғылыми зерттеуші; 

 - мемлекеттік мекемелерде филолог-сарапшы; 

 - редактор; 

- корректор;

 - іс-жүргізуші, референт

Кәсіби қызмет объектісі:

- ғылыми институттар;

- тіл орталықтары;

 - мемлекеттік мекемелер;

Функциялары: 

- баспа өнімін түзету, редакциялау; 

 - лингвистика, әдебиеттану, фольклористика және текстология салаларында зерттеулер жүргізу; 

- ресми-іскерлік құжаттарды дайындау; 

- тіл және мәдениет орталықтарында, БАҚ-та және әлеуметтік

гуманитарлық қызметтің басқа салаларында филологиялық білімді қажет 

ететін кәсіптік қызметтерді жүзеге асырады; 

Түрлері: 

ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу (қазақ тілі мен әдебиетінің қазіргі 

жағдайы және тарихи-даму тұрғысынан зерттеу), сараптау, құжаттар тілін 

жүргізу.