❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

Студенттік парламент

Халықаралық қазақ-түрік университетінің Студенттік Парламент — білім алушылардың білім беру үрдісін басқаруға қатысу құқығын іске асыруды қамтамасыз етуге, студент жастардың тіршілік әрекетінің маңызды мәселелерін шешуге, оның әлеуметтік белсенділігін дамытуға, әлеуметтік бастамаларды қолдауға және іске асыруға бағытталған университетіміздің студенттік өзін-өзі басқарудың тұрақты жұмыс істейтін өкілді алқалы мүшелері.

Университеттің Студенттік Парламент заңды тұлға болып табылмайды, дербес балансы, жеке шоттары жоқ, өз атына мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді ала алмайды.

Университеттің Студенттік Парламент өз қызметінде ҚР Конституциясын, ҚР заңдарын, Университеттің ішкі тәртіп ережелерін, осы Ережені және Университеттің басқа да жергілікті нормативтік актілерін басшылыққа алады.

Университеттің Студенттік Парламент мүшелері еріктілік, жариялылық және тең құқылық қағидалары негізінде әрекет етеді.

Университеттегі студенттердің өзін-өзі басқаруды, білім беру процесінің сапасын бағалауға студенттердің қатысу құқығын іске асыруды қамтамасыз ету;

Университеттің әлеуметтік маңызы бар студенттік бастамаларын дамыту және қолдау;

Студенттік дәстүрлерді сақтау және дамыту, азаматтық мәдениетті, студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, олардың әлеуметтік жетілуін, дербестігін, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі дамытуға мүмкіндік жасау;

Студенттердің жалпы мәдени құзыреттілігін қалыптастыру;


Студенттік Парламент құрылымы 
Студенттік Президент
Студенттік Президент өкілі
Студенттік өзін өзі басқару ұйымдары жөніндегі Вице-Президент 
 - Студенттік декандар 
Студенттік клубтар мен ұйымдарды дамыту жөніндегі Вице-Президент 
  -Шаңырақ студенттік клубтар координациясы

Студенттік амбассадорлар және имидждік саясат жөніндегі Вице-Президент 
- Амбассадорлар

Халықаралық студенттерді қолдау және ішкі интеграцияны дамыту жөніндегі Вице-Президент 
 -Түркі әлемі студенттері көшбасшылары

Студенттік Парламент жауапты хатшысы

Студенттік Омбудсмен


      «Шаңырақ» студенттік клубтар координациясына қарасты студенттік клубтар мен ұйымдар тізімі 

 

 

 

Клуб атауы 

 

Бағыты

1

Yasawi DC 

Пікірсайыс

2

Халықаралық қатынастар:Жас дипломаттар

Саяси-дипломатиялық

3

Қазақстан студенттерінің Альянсы

Саяси-еріктілік

4

Жастар рухы Жастар қанаты

Саяси-еріктілік

5

Жас сайлаушылар

Саяси-еріктілік

6

DAS Yasawi

Стоматологиялық

7

KazMSA

Медициналық

8

Yassawi Media клуб

Медиа-шығармашылық

9

DEV club

Робототехника

10

Yasawi volunteer

Еріктілік

11

Түркі Әлемі Жастар клубы

Ұлттық-рухани

12

Түркология клубы

Ұлттық-рухани

13

Nomad Vıbes

Ұлттық-рухани

14

Орда 

Тарихи-танымдық

15

Yasawi team

Шығармашылық

16

Art House

Шығармашылық

17

Event

Шығармашылық

18

Руханият клубы

Әдеби-танымдық

19

Жаңа толқын

Әдеби-танымдық

20

STEM AYU

Жаратылыстану

21

Green Growth

Экологиялық

22

Ясауи табиғаты

Экологиялық

23

Әділет

Құқықтану