❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

Молекулалық диагностика және геномдық зерттеулер орталығы 2025 жылы ашылды. Орталықтың негізгі бағыттары:

  1. клиникалық-зертханалық, иммунологиялық, молекулалық-генетикалық, микробиологиялық, цитологиялық (жасушалық биология) және патоморфологиялық диагностика;
  2. геномдық және молекулалық-генетикалық зерттеулер, оның ішінде жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті, онкология және басқа да жұқпалы емес аурулардың генетикалық маркерлерін зерттеу;
  3. ғылыми жобаларды (гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру), PhD докторанттар мен магистранттардың зерттеулерін зертханалық-аспаптық тұрғыда қамтамасыз ету;
  4. медициналық ұйымдарға және халыққа ақылы және қосалқы орындаушылық негізінде зертханалық қызмет көрсету;
  5. Түркістан облысы үшін өңірлік референс-зертхана құру.

Қазіргі уақытта Орталық құрамында алты зертхана жұмыс істейді: клиникалық-диагностикалық, иммунологиялық, жасушалық биология, молекулалық-генетикалық, микробиологиялық (АЗҮО ғимаратында) және патоморфологиялық (жеке ғимаратта). Әр зертхана бойынша қызметтер тізбесі жасалып, бағалары ҚР ДСМ тарификаторына сәйкес белгіленді, ақылы қызметтердің прейскуранты бекітілді. Медициналық ұйымдармен қосалқы орындаушылық шарттары жасалуда, 2026 жылдың тамызынан бастап сырттан келетін талдауларға тапсырыстар қабылданады, чек-ап бағдарламалары әзірленді. Орталық бекітілген жылдық жұмыс жоспары бойынша жұмыс істейді, университеттің ғылыми жобалары мен докторанттарына зертханалық қолдау көрсетеді, студенттер мен резиденттер үшін оқу-тәжірибелік база болып табылады.

Орталық аккредитациядан әлі өткен жоқ, алдағы уақытта өтуді жоспарлап отыр. Патенттер, қазіргі және аяқталған жобалар, қызметкерлердің ғылыми дәрежесі туралы мәліметтер көрсетілмеген.

Зертханаға жауапты тұлға: Батырмбетова Айымторы Рысбековна, 

 электрондық пошта: batyrmbetovaa@gmail.com.