❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

III. Халықаралық Симпозиум Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуірінде ғылыми трансформация

  • 20.08.2026
  • KZ
  • 72

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

 

III. Халықаралық Симпозиум

Қазақ тілі – ғылым тілі:

Digital Qazaqstan дәуірінде ғылыми трансформация

 

 

«Қазақстан Еуразия кеңістігінің жетекші цифрлық орталығы ретінде бұл маңызды миссияны болашақта да жалғастырады».

                      Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Республикасының Президенті

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 2026 жылғы 23–25 қыркүйек күндері «Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуірінде ғылыми трансформация» атты III Халықаралық симпозиум өтеді.

Цифрлық трансформация қазіргі таңда ғылым, білім және технологияның даму бағытын айқындайтын негізгі үдерістердің біріне айналды. Жасанды интеллект, машиналық оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен цифрлық платформалардың қарқынды дамуы ғылыми ақпаратты өндіру, тарату және қолданудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырып, ұлттық тілдердің ғылыми және цифрлық кеңістіктегі рөліне жаңа талаптар қойып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Еуразия кеңістігінің жетекші цифрлық орталығы ретінде бұл маңызды миссияны болашақта да жалғастырады» деген ұстанымы аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бастамасымен және серіктес ұйымдардың қатысуымен ұйымдастырылатын симпозиумда цифрландыру жағдайындағы қазақ тілінің ғылым, білім және технология салаларындағы орны, даму мүмкіндіктері мен болашақ перспективалары жан-жақты қарастырылады.

Симпозиумның негізгі бағыттары:

  • қазақ тілінің цифрлық трансформациясы және ғылыми коммуникация;
  • жасанды интеллект, тілдік технологиялар және қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі әлеуеті;
  • әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық ғылымдардағы цифрландыру;
  • ғылыми терминология, ұлттық ғылыми тіл және қазақтілді ғылыми контент;
  • халықаралық қатынастар, цифрлық трансформация және ғылым дипломатиясы;
  • қазақ өнері мен мәдени мұрасын цифрлық дәуірде сақтау және дамыту;
  • түркология, әдебиеттану, абайтану және рухани мұраны заманауи ғылыми кеңістікте зерттеу;
  • қазақ тіліндегі құқықтық дискурс, ғылыми жарияланымдар және цифрлық трансформация.

Симпозиум секциялары:

1-секция. Іргелі және қолданбалы тіл білімі: цифрлық трансформация және жасанды интеллект кеңістігіндегі қазақ тілінің ғылыми коммуникациясы

2-секция. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың ұлттық мазмұнын жаңартудағы жасанды интеллект мүмкіндіктері

3-секция. Жаратылыстану және техникалық ғылымдардың ұлттық ғылыми кеңістігі: ғылыми коммуникация, цифрландыру және жасанды интеллект

4-секция. Жаңа конституция: қазақ тіліндегі құқықтық дискурс, ғылыми жарияланымдар және цифрлық трансформация

5-секция. Цифрландыру дәуіріндегі қазақ өнері: дәстүрді сақтау және дамытудың жаңа формалары

6-секция. Бейсембай Кенжебайұлы және түрік халықтары түріктануы: мәселелер мен пайымдаулар

Секция аясында филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиет зерттеушісі, жазушы Бейсембай Кенжебайұлы атындағы музей-дәрісхана таныстырылады.

7-секция. Мекемтас Мырзахметұлы және қазақ руханияты: әдебиеттану және абайтану мәселелері

Секция аясында қр мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті әдебиеттанушы, абайтанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы атындағы атаулы дәрісхана ашу жоспарланады.

 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҒЫЛЫМ ТІЛІ: DIGITAL QAZAQSTAN ДӘУІРІНДЕ ҒЫЛЫМИ ТРАНСФОРМАЦИЯ» атты ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА тіркеу формасы

 

1

Тегі, аты - жөні

 

2

Жұмыс орны, лауазымы (ұйымның атауы, адресі)

 

3

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

4

E-mail

 

5

Телефон (кодпен бірге)

 

6

Баяндама атауы

 

7

Секция атауы

 

8

Қатысу форматы

 

 

Симпозиум қорытындысы бойынша жариялауға ұсынылатын баяндама мәтіні төмендегі талаптарға сәйкес рәсімделуі қажет:

  • баяндама мәтінінің көлемі – кемінде 5 бет;
  • мәтін Microsoft Word (.docx) форматында ұсынылады;
  • парақ форматы – А4;
  • қаріп – Times New Roman;
  • қаріп өлшемі – 12 pt;
  • жоларалық интервал – 1,0;
  • абзацтың бірінші жол шегінісі – 1,25 см;
  • парақ жиектері: сол жақ – 2,5 см, оң жақ – 2 см, жоғары және төмен – 2 см;
  • баяндама тақырыбы қалың қаріппен (Bold), ортаға тураланып жазылады;
  • автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі/атағы, жұмыс орны мен электрондық поштасы көрсетіледі;
  • кестелер, суреттер, диаграммалар мен формулалар мәтін ішінде ретімен нөмірленіп, тиісті атауларымен беріледі;
  • пайдаланылған әдебиеттер тізімі баяндама соңында беріледі;
  • мәтін ғылыми стильде жазылып, орфографиялық және стилистикалық талаптарға сай болуы тиіс.

 

Бұл құжаттар 2026 жылғы 28 тамызға дейін kazaktili.sempozyum3@ayu.edu.kz     электрондық поштасына жіберілуі тиіс.

 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҒЫЛЫМ ТІЛІ: DIGITAL QAZAQSTAN ДӘУІРІНДЕ ҒЫЛЫМИ ТРАНСФОРМАЦИЯ»

Уақыты, өтілетін жері 

23.09.2026ж.

Пленарлық мәжіліс алдындағы сессиялар

WORKSHOP: «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМ ДИПЛОМАТИЯСЫ»

 

24.09.2026ж.

СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСТАР

25.09.2026ж.

ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС

26.09.2026ж.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЭКСКУРСИЯ     

 

Симпозиум бойынша байланыс:

  • Алашбаев Ерлан Жорабекұлы, +7 771 348 38 79
  • Исаева Жазира Исақызы, +7 702 342 57 77
  • Ергубекова Жанат Сапарбекқызы, +7 701 655 16 28
  • Талдыбаева Маржан Дархановна,  +8 701 365 03 40
  • Абиханова Гүлжанат Дәуітбекқызы, +7 707 685 71 18
  • Мағжан Сауле, +7 701 303 22 70
  • Даулетова Айнаш Сериковна, + 8705 884 93 68
  • Байымбетова Раушан Қалқабайқызы, +7 701 172 01 84
  • Құлжанова Бақытгүл Райханқызы (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), +8 701 731 40 47

 

E-mail: kazaktili.sempozyum3@ayu.edu.kz

 

Симпозиум туралы қосымша ақпаратты https://qazaqtgt.ayu.edu.kz/kz/ сайтынан алуға болады.