❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды

  • 02.09.2026
  • KZ
  • 91

image

2026-2027 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.

         1.Шымкент кампусы

 №

           Жұмыс орны

           Қызметі

   Шт.б

1

ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті

Тәрбие және әлеуметтік мәселелер бойынша секторының маманы

1,0 ш.б.

2

Білімгерлерге қызмет көрсету офисі басшысы (уақытша орын)

1,0 ш.б.

  1.  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі тиісті бейіні бойынша білімі болуы тиіс;
  2. Офис басшысы қызметіне жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл және/ немесе магистр академиялық дәрежесі болуы тиіс;

   Қажетті құжаттар тізімі:

  1. түйіндеме
  2. жоғары білім туралы дипломның, көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  3. қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;
  4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  5. наркологиялық ұйымнан анықтама;
  6. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

         Қосымша деректер:

  1. Комиссия хатшысы Кадр бөлімінің жетекші маманы Калдыбаева Акнур, электрондық пошта (aknur.kaldybayeva @ayu.edu.kz), байланыс телефоны: 8701-326-27-79
  2. Бос лауазым конкурсы 5 күнтізбелік күнге жарияланады.
  3. Құжаттарды қабылдау беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты:Офис басшысы 16.09.2026ж сектор маманы  2026 жылдың  09 қыркүйегі , сағат 18-00 дейін.

ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/aup_ahch_konkurs_erezhesi_2023(2).pdf сайтында танысуға болады.