❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды

  • 10.09.2026
  • KZ
  • 22

image

2026-2027 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.

1.Ақпараттық технология департаменті, Қаржы департаменті

        Бөлім атауы

       Қызмет атауы

   Штат бірлігі

1

 Жүйелерді автоматтандыру бөлімі

Жетекші IT маманы

1,0 ш.б.

2

Қаржы департаменті

Еңбек ақы есептеуші бухгалтер

1,0 ш.б.

  1. Жетекші  IT маманы қызметіне жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі (техникалық немесе экономикалық инженерлік) және инженер-техникалық қызметте 3 жыл еңбек өтілі болуы тиіс;
  2. Еңбек ақы есептеу бухгалтері қызметіне мамандығы бойынша жоғары кәсіби білімі және ең кемінде 5 жылдық еңбек өтілі болуы тиіс;

Қажетті құжаттар тізімі:

           1) түйіндеме;

2) жоғары білім туралы дипломның, көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;

4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

5) наркологиялық ұйымнан анықтама;

6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

 

         Қосымша деректер:

  1. Комиссия хатшысы  Кадр бөлімінің жетекші маманы Калдыбаева Акнур,  электрондық пошта (aknur.kaldybayeva @ayu.edu.kz), байланыс телефоны: 8701-326-27-79
  2. Бос лауазым конкурсы 5 күнтізбелік күнге жарияланады.
  3. Құжаттарды қабылдау беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы 

          күні мен уақыты: 2026 жылдың  17 қыркүйек, сағат 18-00 дейін.

 

ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттіңhttps://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/aup_ahch_konkurs_erezhesi_2023(2).pdf сайтында танысуға болады.