Жаратылыстану факультеті,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды



2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.
№ | Жұмыс орны | Қызметі | Штат бірлігі |
1 | Математика кафедрасы, робототехника лабораториясы | Компьютер класс лаборанты | 1,0 ш.б. |
| Мәдениет орталығы | Экскурсия жетекшісі | 1,0 ш.б. | |
1 .Аға лаборант жоғары білімді,еңбек өтілі болуы тиіс, компьютерде еркін жұмыс істей алуы тиіс.
2. Мәдениет орталығының экскурсия жетекшісі қызметіне педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызметтер (туризм) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар болуы тиіс, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) түйіндеме;
2) жоғары білім, білімі туралы дипломның, көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;
4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
5) наркологиялық ұйымнан анықтама;
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
Қосымша деректер:
күні мен уақыты: 2025 жылдың 11 желтоқсан , сағат 18-00 дейін.
ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/aup_ahch_konkurs_erezhesi_2023(2).pdf сайтында танысуға болады.