ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
«МЕКЕМТАС МЫРЗАХМЕТҰЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫ МЕН ӘДЕБИЕТТАНУ, АБАЙТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
Құрметті қазақ руханияты мен ғылымының өкілдері, көзіқарақты зиялы қауым мен абайтанушылар, ғылым жолындағы ізденушілер мен білім беру саласының қызметкерлері!
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2026 жылдың 08-09 сәуір күндері Түркістан кампусында «Мекемтас Мырзахметұлы және қазақ руханияты мен әдебиеттану, Абайтану мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтетінін хабарлайды. Конференцияның мақсаты: ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ руханияты мен әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілі, белгілі абайтанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлының қазақ руханияты мен әдебиеттану, Абайтану саласындағы ғылыми мұрасын жүйелі түрде тұтас қамтып зерделеу, әсіресе оның Абай мұрасындағы өзіндік адамгершілік ілімді ізерлей зерттеп, мән-мазмұнын айқындап, желісі мен жүйесін жасап, сөйтіп өткен ғасырдың сексенінші жылдары ғылыми айналымға енгізген тұғырлы тұжырымдарын қазіргі гуманитарлық білім беру мен зерттеу үдерісінде кеңінен насихаттау, жас ғалымдардың ғылыми ізденісіне қолдау көрсету.
Мекемтастанушылардың ізденіс үстіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар беру, ғылыми тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу мен насихаттау. М.Мырзахметұлы еңбектерінің қазіргі және келешек зерттеушілер үшін маңыздылығын танытып, жастарды үздіксіз жалғаса беретін ғылыми ізденіске тарту.
Конференцияның міндеті: М.Мырзахметұлының ғылыми еңбектеріндегі қазақ руханияты мен әдебиеттану ғылымына қарасты өзекті мәселелерді ғылыми тұрғыдан талқылау, негізгі тұжырымдары мен идеяларын зерделеу; Абайдың ақындық кітапханасының зерттелу жайы және абайтану ғылымының даму кезеңдері мен бүгінгі бағыттарын байыптау; Адамгершілік ілімінің Абайлық нұсқасы – Толық адам танымының төркіні мен оның ғылымда қалыптасып орнығу жайын зерделеу; Ұлт руханияты мен қазақ тілі, әдебиеттану, философия, педагогика, әлеуметтану, тарих ғылымдарының ұлттық сана мен идеология, Абайтану мәселелерімен тоғысар тұстарын тани түсу.
Конференцияның негізгі бағыттары:
- М. Мырзахметұлы ғылыми мұрасының ауқымы мен көлемі;
- Қазақ руханияты мен әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері;
- Абайтану ғылымының дамуы мен қазіргі таңдағы жеткен деңгейі;
- Толық адам ілімінің ғылымда қалыптасуы мен орнығуы;
- Тіл білімі ғылымы және құндылықтар парадигмасы
- Философия, педагогика, әлеуметтану, тарих, дінтану бағытындағы ғылыми ізденістер мен Абай ілімінің тоғысы
Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті мен редакциялық комиссия конференцияға келіп түскен мақалаларды таңдау оларды жариялау құқығын өзінде қалдырады.
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, түрік, ағылшын, өзбек, қырғыз.
Конференцияны өткізу: офлайн, онлайн (тікелей көрсетілім).
Конференцияға қатысу үшін өтініш беру тәртібі:
Баяндамалар ұйымдастыру алқасының мекен-жайына 2026 жылғы 23 наурызға дейін төмендегі көрсетілген электронды пошаталарына жіберілуі тиіс.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы, 29. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.
Ұйымдастыру комитеті:
Материалдарды ресімдеу тәртібі
Мақала мәтіні (10 беттен аспауы тиіс) WORD 6.0 (7.0) мәтіндік редакторында «Tіmes New Roman» шрифтімен (шрифт өлшемі – 14, аралық интервалы – 1, жол жиегі жоғары және төмен жағынан – 2,0 см, сол жағы — 3 см, оң жағы – 1,5 см, азат жол басындағы интервал стандартты (1.25 см) жазылуы тиіс.
Келесі жолдың ортасында мақаланың тақырыбы қою әріппен жазылады.
Бір жолдан кейін автордың аты-жөні толығымен жазылады. Келесі жолда ұйым, қала атауы, автордың электронды поштасы курсивпен жазылады. Негізгі мәтін бір жолдан кейін басталады. Мәтіндегі библиографиялық сілтемелер әр бетте төртбұрышты тік [1; 23] жақшаларда беріледі, олардың тізімі соңында мәтінде берілу ретімен ресімделеді. Беттер нөмірленбейді. Кесте мен суреттер мәтіннің ішінде беріледі, кестелердің жоғары жағында тақырыбы, ал суреттердің астыңғы жағында атауы болуы тиіс. Файл автордың тегі және аты-жөнімен аталғаны дұрыс.
Мақаланы ресімдеу үлгісі
МАҚАЛА ТАҚЫРЫБЫ
Авторлардың аты-жөні
Жұмыс орны, ғылыми атағы, қаласы
Жұмыс орны, ғылыми атағы, қаласы, 123456@mail.ru
Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін [1].
Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін [2].
Пайдаланылған әдебиеттер:
1
2
ІЗГІ НИЕТПЕН: ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ.
Құрметті әріптестер, Сіздерді қазақ руханияты мен әдебиеттану, Абайтану ғылымының әлеуетін арттыруға арналған маңызды конференцияға белсенді қатысуға шақырамыз!