❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

«6В02267 – ТҮРКІТАНУ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША XVІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ

  • 18.03.2026
  • KZ
  • 1898

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2026 жылғы 23-24 сәуір күндері Филология факультеті, Түрік филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының «6В02267 – Түркітану» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттері арасында XVІ Республикалық пәндік олимпиаданың өткізілетінін хабарлайды. Аталған мамандық бойынша білім алып жатқан үздік білімгерлерді олимпиадаға қатысуға шақырамыз. 

Олимпиаданың мақсаты:

  • Түркітану мамандығында білім алып жатқан студенттердің кәсіби даярлық деңгейін анықтау;
  • Студенттердің теориялық білімін тереңдету және ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту;
  • Дарынды білім алушыларды анықтау, қолдау және ынталандыру;
  • Қатысушылардың түркі тіл білімі, әдебиеттану, тарих және мәдениет салалары бойынша кешенді білімдері мен талдау қабілеттерін бағалау;
  • Жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-академиялық ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасуды дамыту.

Олимпиада туралы жалпы ақпарат

  • Олимпиаданың тілі: қазақ
  • Өткізу форматы: оффлайн
  • Олимпиада жүлдесі: 1, 2, 3 орындар үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің дипломы. 

ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛАПТАРЫ

  • Олимпиада ІРІКТЕУ (1-кезең) және ҚОРЫТЫНДЫ (2-кезең) кезеңдерінен тұрады. Іріктеу кезеңі қатысатын әр жоғары оқу орны тарапынан ұйымдастырылса, қорытынды кезең Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті базасында өтеді.
  • Олимпиаданың қорытынды кезеңіне іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша үздік деп танылған 2 және 3 курс білімгерлері ғана қатыса алады.
  • Әрбір оқу орнынан 5 білімгер қатысады. 
  • Бір оқытушы-профессор бір студентке жетекші болуы тиіс.
  • «Түркітану» мамандығы бойынша өткен жылдардағы пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері қатысуға жіберілмейді.
  • Қатысушылар құрамы туралы өтініш пен ректордың (проректор) немесе Ғылыми кеңестің бекіткен хаты 2026 жылдың 17 сәуіріне дейін төмендегі электрондық поштаға жіберілуі керек. yerlan.zhiyenbayev@ayu.edu.kz 
  • Қорытынды кезеңі 2 бөлімнен тұрады. 
  • 1-бөлімде әр қатысушы білімгер ғылыми жоба қорғайды. 2-бөлімде мамандыққа қатысты теориялық және практикалық сұрақтарға жазбаша және ауызша жауап береді.
  • Ғылыми жобада тақырыптың өзектілігі, мақсат-міндеттері, қолданылған әдіс-тәсілдері, материалдары, жаңашылдығы және техникалық талаптарға сай рәсімделуі бағалаудың негізгі өлшемдері болып табылады. Ғылыми жобаға 7 минут беріледі, 50 балдық ұпаймен бағаланады.
  • Студенттердің ғылыми зерттеу жобалары талапқа сай рәсімделіп, PDF форматында, презентациясымен бірге 2026 жылдың 17 сәуіріне дейін yerlan.zhiyenbayev@ayu.edu.kzпочтасына жіберулері тиіс.
  • Теориялық және практикалық сұрақтарға арналған бөлімде мамандыққа қатысты 3 сұрақ беріледі. Дайындалуға 30 минут уақыт қарастырылады. Қатысушының жауабының дұрыстығы, дәйектілігі, нақтылығы және толықтығы негізгі талаптар болып табылады. 50 балдық ұпаймен бағаланады.
  • Олимпиадаға қатысушы студенттер мен жетекшілердің жолақысы, тәуліктік және жатын орындарына байланысты шығындары ұйымдастырушы оқу орны (Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті) тарапынан қарастырылмайды.
  • Олимпиаданың әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында түркологияға қатысты теориялық және практикалық сұрақтар қатысушы университеттер дайындаған ортақ сұрақтар негізінде ұсынылады. Сонымен бірге қазылар алқасында пәндік олимпиадаға қатысатын әрбір жоғары оқу орнынан бір өкіл болуы мақсат етіледі

ОЛИМПИАДАНЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН БАҒДАРЛАМАСЫ

 

КЕЗЕҢДЕР

КҮНІ, УАҚЫТЫ

ӨТЕТІН ОРНЫ

1.

Ашылу салтанаты

23.04.2026 

10:00-11:00

Түркістан, Б.Саттарханов 29, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Мәдениет орталығы

2.

Ғылыми жоба қорғау

23.04.2026 

11:30-14:00

Түркістан, Б.Саттарханов 29, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Орталық кітапхана

3.

Теориялық және практикалық сұрақтар

24.04.2026

10:00-12:00

Түркістан, Қазыбек би, №216 Б, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Филология факультеті, 405 аудитория

4.

Қазыларалқасының қорытындысы және ұсыныстары

24.04.2026

12:00-12:30

5.

Жабылу-марапаттау салтанаты

24.04.2026

15:00-16:00

Түркістан, Б.Саттарханов 29, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Мәдениет орталығы

Жауапты тұлғалар: 

Төраға:    PhD, қау. проф. м.а. Утебеков Сенбек Бейсенбекович

PhD, қау. проф. м.а. Жиенбаев Ерлан Бейбітович

Магистр, аға оқытушы Алиева Ләззат 

 

Байланыс: 

PhD, қау. проф. м.а. Утебеков Сенбек Бейсенбекович 

    +7705 916 9594

     senbek.utebekov@ayu.edu.kz

PhD, қау. проф. м.а. Жиенбаев Ерлан Бейбітович

     +7701 477 6505

     yerlan.zhiyenbayev@ayu.edu.kz

 

«Түркітану» білім беру бағдарламасы бойынша студенттер арасындағы Республикалық олимпиадаға қатысу үшін өтініш үлгісі 

(әрбір қатысушыға жеке толтырылады)

Тіркелу картасы 

 

 

1. Қатысушының Т.А.Ә

 

2. Білім беру бағдарламасы, курс, шет тілі, оқитын тілі

 

3. ЖОО (толығымен)

 

4. Адрес

 

5. Қатысушының телефоны/ E-mail

 

6. Орынға тапсырыс беру (иә/жоқ) 

 

7. Келуі

 

8. Кетуі

 

9. Команда жетекшісінің аты-жөні, қызметі және байланыс телефоны,e-mail

 

 

 

 

 

Ректор (проректор) 

МӨР

XVІ Республикалық пәндік олимпиадаға қатысушы барлық студенттерге сәттілік пен жоғары нәтижелер тілейміз!