❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

«Ясауи хикметтерін жатқа айту» интеллектуалды сайысының өтетінін хабарлаймыз.

  • 31.03.2026
  • KZ
  • 2183

             

 

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Ясауитану ғылыми-зерттеу институты 

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Құрметті білім алушылар!

 

2026 жылдың 23-сәуірі күні университет білім алушылары арасында «Ясауи хикметтерін жатқа айту» интеллектуалды сайысының өтетінін хабарлаймыз. 

Сайысқа қатысып, өзіңізді сынауға, рухани мұрамызды тереңірек танып-білуге мүмкіндік алыңыз! Жеңімпаздар мен үздік қатысушылар арнайы сыйлықтармен мараптталады. 

Сайыстың шарттары:

Сайысқа Ахмет Ясауи университетінде және Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінде білім алатын барлық мамандықтардың білім алушылары қатыса алады.

Сайыс 2 кезеңнен тұрады:

1-кезең: Қожа Ахмет Ясауидің таңдаулы хикметтерін жатқа айту. 

2-кезең: Қожа Ахмет Ясауи тұлғасы, ілімі, еңбектері және Түркістан тарихына қатысты тестілеу. 

Сайыстың ережесін және хикметтерді http://ayu.edu.kz/ веб-сайтынан жүктеп алуға болады. 

 

Сайыстың өтетін уақыты: 23.04.2026 ж. сағ. 09:00

Сайыстың өтетін орны: Ахмет Ясауи университеті, бас ғимарат, С.Пралиев атындағы конференц-залы.

 

Қосымша ақпарат алу және сайысқа тіркелу 

 

Мекен-жайы: Бекзат Саттарханов даңғылы 29, Ахмет Ясауи университеті, бас ғимарат, Ясауитану ғылыми-зерттеу институты. Кабинет: 510А, 507.

 Байланыс: +7771-128-25-62, bauyrzhan.saifunov@ayu.edu.kz