❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

«ТАРИХТЫ ТАНЫ - ЗЕРДЕЛЕ» ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯСЫ ӨТТІ

  • 20.02.2026
  • KZ
  • 98

image

Бүгін Түлектер қауымдастығы мен университеттің белсенді, үздік студенттері арасындағы алтын көпірді нығайту мақсатында «Тарихты таны - зерделе» тақырыбында Сауран қалашығына танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

 

Шара барысында студенттер тарихи Сауран қалашығына жол тартты. Экскурсия барысында университет түлегі, археолог ғалым Мэлс Бақтыбаев студенттерге көне Сауран қаласының тарихы, оның ортағасырлық кезеңдегі маңызы мен археологиялық ерекшеліктері туралы жан-жақты мәлімет берді.

 

Танымдық сапар аясында қатысушылар Сауран қалашығының қорғаныс жүйесімен, тарихи құрылымымен және жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен танысты.

 

Айта кетейік, қалашық аумағында бүгінге дейін сақталған кірпіштердің басым бөлігі –  ортағасырлық кезеңнен жеткен түпнұсқа құрылыс материалдары.

 

Аталған экскурсия студенттердің тарихи-мәдени мұраларға деген қызығушылығын арттырып, олардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін нығайтуға бағытталған маңызды танымдық іс-шаралардың бірі болды.

 

Бұл бастама алдағы уақытта да өз жалғасын табады.