Bootstrap 11 mins ago
Hello, world! This is a toast message.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ УНИВЕРСИТЕТІМІЗГЕ ЖӘРДЕМІ

  • 11.04.2024
  • KZ
  • 59

image

Түркістан облысы әкімдігі университетіміздің ішкі жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, оқу орнымыздың бас ғимараты, кітапхана, автотұрақ алаңдары арасындағы асфальт жабындылары жаңартылды.

Жалпы көлемі – 6330 шаршы метр асфальт төселді. Жол ісіне 10 техника, 20-дан астам маман жұмылдырылды. Сондай-ақ, университетіміздің шаруашылық бөлімінің қызметкерлері де игі іске атсалысып, көмек көрсетті.

Университет қызметкерлері мен студенттер жаңартылған жол сапасына дән риза.

Оқу орда басшылығы мен ұжымы, сондай-ақ студенттері атынан Түркістан облысы әкімдігіне алғыс айтамыз!