❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

2026-2027 оқу жылына арналған ORHUN академиялық ұтқырлық бағдарламасына тіркелу басталғанын хабарлаймыз.

  • 11.03.2026
  • KZ
  • 1499

ХАБАРЛАНДЫРУ

2026-2027 оқу жылына арналған ORHUN академиялық ұтқырлық бағдарламасына тіркелу басталғанын хабарлаймыз. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше университеттеріне 2026-2027 оқу жылының күзгі және көктемгі семестрлеріне бөлінген орындарға 1 семестр бойы оқығысы келетін бакалавриат және магистратура бағдарламасы бойынша білім алушыларды сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамын конкурсқа қатысуға шақырамыз.

  • Тіркелу мерзімі:  2026 жылдың 03-15 наурыз аралығында
  • Тіркелу оффлайн форматта Ректорат, 418 кабинетте өтеді.
  • Іріктеу емтиханының мерзімі: 16 - 17 наурыз 2026 жыл
  • Нәтижені жариялау және қажетті құжаттарды толтыру: 30 наурыз  04 сәуір 2026жыл.
  • Қорытынды нәтижесін хабарлау: 30 сәуір 2026 жыл.

Құжаттардың тізімі:

Студенттер үшін:

 

  • 1- Транскрипт
  • 2- Сертификат В2, С1 деңгейінде (бар болған жағдайда емтиханның 1-ші кезеңінен босатылады)
  • ЕСКЕРТУ:  «Юнус Эмре В2, С1», «IELTS В2», «TOEFL В2», Университетіміздегі «Лингвистикалық орталықтан В2» деңгейіндегі сертификаттар ғана жарамды.

Оқытушы-профессорлардың ұтқырлығы жайлы:

 

  • 1- Ғылыми дәрежесінің болуы;
  • 2- Сертификат В2, С1 деңгейінде (Түркия, Азербайжан, Венгрия елдеріне бару үшін);
  • ЕСКЕРТУ:  «Юнус Эмре В2, С1», «IELTS В2», «TOEFL В2», Университетіміздегі «Лингвистикалық орталықтан В2» деңгейіндегі сертификаттар ғана жарамды.

    Тіркелу талаптары:

  • Жалпы орташа үлгерім бағасының ең кемі 2,75-4,0 болуы қажет.
  • Дайындық факультетінде білім алушылар және жалпы бітіруші курс білім алушылары бағдарламаға қатыса алмайды.
  • Білімгерлердің ұтқырлығы 1немесе 2 академиялық кезең.
  • Оқытушылардың ұтқырлық мерзімі бір оқу жылы ішінде бір рет қана, кемінде 2 апта, ал ең көп дегенде бір семестр болуы мүмкін.
  • Оқытушылардың атқаратын академиялық жұмыстары аптасына жалпы 6 сағаттан кем болмауы тиіс. 
  • Соңғы 3 жылда Орхун ұтқырлық бағдарламаларына қатыспаған болуы керек.