❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

«ЖАСЫЛ ӘЛЕМГЕ ЖОЛ АШ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТТІ

  • 17.03.2026
  • KZ
  • 1536

image

Бүгін оқу ордамызда «Таза Қазақстан» жобасы аясында Өнер, медиа және дизайн факультеті, Бейнелеу өнері кафедрасының ұйымдастыруымен «Жасыл әлемге жол аш» атты студенттердің шығармашылық көрмесі өтті.

Шараның мақсаты – табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, суретшілердің шығармашылық әлеуетін қолдау және насихаттау.

Мәдени-танымдық шарада сөз алған Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов: «Құрметті студенттер және оқытушылар! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің дамуы мен өркендеуіне байланысты түрлі бастамалар көтеріп келеді. Солардың бірі – «Таза Қазақстан». Адамзат баласы табиғатпен етене байланысты. Қоршаған ортанының тазалығы және ауаның ластанбауы, табиғаттың төрт мезгілге сай өз ретімен өтуі, түрлі апатты жағдайлардың алдын-алу –  ұзақ өмір сүрудің көрсеткіші. Өндірістердің көп салынуы табиғатқа кері әсерін тигізуде. Сондықтан, барлығымыз табиғатты аялайық, жасыл әлемге жол ашайық! Еліміздің көркем жерлерін, сұлу табиғатын суреттеріне арқау еткен жас суретшілерге сәттілік тілеймін»-деді. 

Ары қарай Бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі Масадикова Гузал: «Таза Қазақстан» батамасы аясында ұйымдастырылып отырған «Жасыл әлемге жол аш» көрмесіне қош келдіңіздер! Бүгін біз шығармашылық көрмеге ұсынылған сурет иелерінің өнерін бағалау мақсатында көрме соңында жеңімпаздарды анықтап, марапаттауды жөн көріп отырмыз. Көрмені тамашалауға шақырамыз»-деді.

Көрмеде бейнелеу өнері кафедрасы студенттерінің  20-дан аса табиғаттың сұлулығын, қоршаған ортаны қорғау идеясын және жасыл болашаққа деген көзқарасын бейнелейтін сурет, кескіндеме, графика топтамасы және шығармашылық туындылары көрермен назарына ұсынылды.

Айта кетейік, көрме жетекшісі бейнелеу өнері кафедрасының аға оқытушысы Мұрат Шаханбаев болды.

Көрме соңында Бейнелеу өнері кафедрасының студенттері шығармашылық көрмеге ұсынылған сурет, графика, кескіндеме сынды шығармашылық туындылары үшін арнайы сертификаттармен марапатталды.