ОҚУ ОРДАМЫЗ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Бүгін қасиетті Рамазан айының соңғы күндерінде оқу ордамыз Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасының «Әр отбасыға жақсылық тілейміз» атты игі бастамасына өз үлесін қосып, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратты.
Қайырымдылыққа арналған азық-түлік себеттері Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің жанынан ашылған Әлеуметтік дүкенде үлестірілді.
Шараға Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов пен Жауапты хатшы м.а. Эндер Сайын қатысты.
Жиын барысында облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Есенәлімұрат Ізтілеуов игі іске атсалысып, қайырымдылық жасаған оқу орнының басшылығы мен ұжымына ризашылығын білдірді.
Келесі кезекте Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов айтулы іс-шараның маңызына тоқталып, «Әр отбасыға жақсылық тілейміз» бастамасының қоғамға берер тәрбиелік мәні жөнінде сөз қозғады.
Айта кетейік, қайырымдылық шарасы барысында 25-тен астам аз қамтылған отбасыға азық-түлік таратылды.