❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

QS–2026 ПӘНДІК РЕЙТИНГІ: БІЛІМ БЕРУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ ПОЗИЦИЯСЫ НЫҒАЙДЫ

  • 30.03.2026
  • KZ
  • 1224

image
QS World University Rankings by Subject 2026 жылғы пәндік рейтинг нәтижелері жарияланды. Халықаралық бағалауда оқу орнымыз «Білім беру» бағыты бойынша әлемнің үздік жоғары оқу орындары қатарына еніп, 201–250 орындар аралығына тұрақтады.
 
Сарапшылардың бағалауынша, бұл нәтиже университеттің академиялық беделі мен білім беру сапасының жоғары деңгейін көрсетеді. Сонымен қатар түлектердің еңбек нарығындағы сұранысы да рейтинг көрсеткіштеріне оң әсер еткен.
 
Соңғы жылдары университет халықаралық деңгейде өз позициясын нығайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Әсіресе ғылыми жарияланымдар санын арттыру, шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты дамыту және білім беру бағдарламаларын жаңғыртуға басымдық берілген.
 
Алдағы кезеңде оқу орны халықаралық рейтингтерге қатысу аясын кеңейтуді көздеп отыр. Перспективалы бағыттар қатарында заманауи тілдер, лингвистика, экономика және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бар. Бұл салаларды университетте қалыптасқан ғылыми базасы бар және әрі қарай даму әлеуеті жоғары деп бағаланады.
 
Сонымен бірге математика және жасанды интеллект бағыттарын дамыту жұмыстары да қолға алынған. Бұл бастамалар университеттің жаһандық ғылыми кеңістікке интеграциялануына жол ашады.
 
Университет алдағы уақытта ғылыми жарияланым белсенділігін арттыру, халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейту және білім беру сапасын жетілдіру арқылы өз позициясын нығайтуды жалғастырады.