ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ: БУХАРА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ РЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Түркі әлемі географтарының III Халықаралық конгресі аясында оқу орнымыздың делегациясы Бухара мемлекеттік университетіне арнайы сапармен барды.
Сапар барысында университеттің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Мухиттин Шимшек, университет ректоры Жанар Темірбекова және вице-ректор Мустафа Гиритлиоглу Бухара мемлекеттік университетінің ректоры Обиджон Хамидовпен ресми кездесу өткізді.
Кездесу барысында екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастықты дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, ғылыми-зерттеу бағыттарындағы әріптестікті кеңейту және академиялық ұтқырлық мәселелері жан-жақты талқыланды.
Тараптар өзара тиімді байланыстарды нығайту, халықаралық тәжірибе алмасу және болашақтағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру бағытында пікір алмасты.
Аталған кездесу екіжақты серіктестікті жаңа деңгейге көтеріп, университетіміздің халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтуге және білім мен ғылым саласындағы беделін арттыруға ықпал етеді.