«РЕПРОДУКТИВТІ МЕДИЦИНАДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА БІЛІМ БЕРУ КУРСЫ ӨТТІ
Университетімізде «Репродуктивті медицинадағы қазіргі заманғы мәселелер» атты XIII Аймақтық ҚРМА конференциясы аясында білім алушыларға арналған арнайы білім беру курсы ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға халықаралық деңгейдегі жетекші сарапшылар қатысып, өз тәжірибелерін бөлісті. Солардың қатарында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас репродуктологы, КАРМ Президенті Вячеслав Локшин мазмұнды баяндама оқыды. Оның қосалқы репродуктивті технологиялардың бүгінгі мүмкіндіктері туралы пікірі білім алушылардың қызығушылығын арттырып, болашақ мамандар үшін маңызды кәсіби бағдар ұсынды.
Сонымен қатар, курс барысында Роман Шмаков, Марина Киселева және Гульнара Асимбекова сынды білікті сарапшылар өз салаларындағы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибелік көзқарастарын бөлісті.
Бұл бастама – ғылым, білім беру және практикалық денсаулық сақтау салаларын өзара сабақтастыратын маңызды алаң. Мұндай кездесулер білім алушыларға заманауи білім мен халықаралық тәжірибені меңгеруге жол ашады.
Университетіміз алдағы уақытта да білім беру сапасын жетілдіріп, заманауи талаптарға жауап беретін, бәсекеге қабілетті жоғары білікті медициналық мамандар даярлау бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.