❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

УНИВЕРСИТЕТІМІЗ ЖАҢА ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛМЕН ТОЛЫҚТЫ

  • 09.04.2026
  • KZ
  • 911

image

Оқу орнымыз ғылым саласындағы тағы бір маңызды қадамды жүзеге асырды. 

Университет жанындағы Археология ғылыми-зерттеу институты базасында “Turan Archaeology” атты жаңа ғылыми журнал жарық көрді.

Аталған журнал 2026 жылдың 18 наурызында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеуден өтіп, мерзімді баспасөз басылымын есепке қою туралы №KZ53VPY00144769 куәлік алды.

“Turan Archaeology” журналы тоқсан сайын, яғни жылына төрт рет жарық көреді. Басылымға ғылыми мақалалар қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде қабылданады. 

Журнал археология және пәнаралық зерттеулер бағытындағы өзекті ғылыми еңбектерді жариялауға бағытталған.

Басылымның таралу аумағы Қазақстанмен шектелмей, алыс және жақын шетелдерді де қамтиды. 

Бұл журнал отандық ғылымның халықаралық деңгейде танылуына мүмкіндік береді.

Осыған орай, ғалымдар мен зерттеушілерді журналдың ресми сайты арқылы тіркеліп, өз мақалаларын жолдауға шақырамыз.

Журнал сілтемесі: https://publications.ayu.edu.kz/index.php/turan-archaeology