❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

ОҚЫТУШЫМЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

  • 14.04.2026
  • KZ
  • 881

image

Филология факультеті деканының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Жанар Сүйінжанова Түркия Республикасының Шетелдегі түріктер және туыс қауымдастықтар төрағалығы қолдауымен жүзеге асырылатын «Түркия стипендиялары» (Türkiye Bursları) бағдарламасының «Зерттеушілерге арналған халықаралық стипендия» иегері атанды. 

Аталған бағдарлама – ғылыми зерттеулерді қолдауға бағытталған беделді халықаралық жоба. Бұл жетістік – Жанар Сүйінжанованың ғылым саласындағы жүйелі еңбегі мен кәсіби біліктілігінің көрсеткіші.

Ол – университетіміздің 1999 жылғы түлегі, 2010 жылы филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.  Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО әзірлеген, деңгейлік «Қазақ тілінің лексика-грамматикалық минимумы» жобасының авторы. 

Сондай-ақ, 2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қаржыландырған «ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің интеграциясы: қыпшақтық фактордың лингвистикалық аспектілері» атты ғылыми жобаның зерттеу тобының мүшесі болды.

Университет ұжымы атынан Жанар Сүйінжанова осы маңызды жетістігімен құттықтап, ғылым, білім жолында толағай табыстар тілейміз!