ОҚУ ОРДАМЫЗҒА ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ КЕЛДІ

  • 03.05.2024
  • KZ

image

Бүгін университетімізге Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Түркістан облысына жасаған іс-сапары барысында арнайы келді.

Министр Ақмарал Әлназарова оқу ордамыздың Клиника-диагностикалық орталығын аралап, жұмысымен танысты.

Таныстыруға университеттің басшылық құрамы мен Клиника-диагностикалық орталық қызметкерлері мен дәрігерлері, Медицина факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Министр Клиника-диагностика орталығындағы озық технологиялармен қамтамасыз етілген бөлімдерін аралады. Атап айтқанда: Қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту бөлімі, Микробиология лабораториясы, Адам мофологиясы және физиологиясы кафедрасының жұмыстарын көрді.

Сондай-ақ, университетіміздің Медицина факультетінің студенттеріне арналған мол мүмкіндіктері, клиниканың алдағы уақыттағы жоспарлары мен жаңа жобаларын тыңдап, жоғары бағасын берді. 

Министр Ақмарал Әлназарова оқу орда мен Клиника-диагностикалық орталығының ісіне сәттілік тіледі.