САУРАН ҚАЛАШЫҒЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

  • 04.05.2024
  • KZ

image

Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында университетіміздің және Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастырумен тарихи Сауран қалашығында сенбілік өтті.Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында университетіміздің және Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастырумен тарихи Сауран қалашығында сенбілік өтті.

Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында университетіміздің және Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастырумен тарихи Сауран қалашығында сенбілік өтті.

Бұл игі іске Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, облыстық мәслихат депутаты Баймахан Тоймаханұлы, университет ректоры Жанар Темірбекова, ректор өкілінің міндетін атқарушы Наджи Генч, қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Нурсой, «Археология» ғылыми-зерттеу институтының директоры Көпжасар Жетібаев, сонымен қатар оқытушылар мен студенттер қатысты. 

Баршаңызға мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жарияланды. Акция аясындағы төртінші апта «Киелі мекен» тақырыбымен өтуде. 

Президент бастамасын оқу орнымыз да қолдап, бүгін тарихи мекенге тазалық жұмыстарын жасады.

Ректор Жанар Темірбекова өз сөзінде: «Бұл тек қана экологиялық акция ғана емес, маңызы ерекше шара. Келешек ұрпақтың санасында тарихқа деген құрмет осындай игі-істермен қалыптасады. Аз ғана болсын уақыт бөліп әрі тарихи шаһарды өз көзімізбен көру, әрі осы байтақ даланың перзенті ретінде оның тазалығына жауапты болу әрбіріміздің борышымыз», - деді.

Ректор өкілінің міндетін атқарушы Наджи Генч бұл бастаманың түркітілдес, тарихы ортақ халықтар үшін аса маңызды екенін атап өтті. Алдағы уақытта мұндай жобалар тек университет көлемінде шектеліп қана қоймай, қоғам болып атсалысуымыз қажет екендігін тілге тиек етті.

Вице-ректор Мұстафа Нұрсой: «Бәрімізді осында жинаған ортақ нәрсе бұл – тарихымыз. Сауран, Түркістан, Сарайшық, Тараз, басқа да тарихи орындар біздің тарихымыз. Бұл қалалар – біздің баға жетпес құндылығымыз. Ұзақ жылдар бойы сақталып келе жатқан мирасымызды келешек ұрпаққа осы әдемі қалпында аманаттауымыз қажет», - деді.

«Археология» ғылыми-зерттеу институтының директоры Көпжасар Жетібаев бұл қала туралы тарихтан сыр шертіп, экскурсия өткізді. 

Сенбілік барысында Сауран ауданы қалашығы аумағында қоқыстарды жинап, тазалық жұмыстарын жүргізілді. Сондай-ақ, университет ұжымы мен студенттер 150-ге жуық ағаш отырғызып, игі іске ат салысты.