СТУДЕНТІМІЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

  • 06.05.2024
  • KZ

image

Университетіміздің боксшы студенті Шұғыла Нәлібай Азия құрлығында үздік атанды.

Бокстан 27 сәуір-7 мамыр күндері аралығында Астанада өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жастар санаты бойынша бәсеке өз мәресіне жетті. 

Бүгін жастар арасындағы 25 салмақ бойынша (13 ұл, 12 қыз) жеңімпаздар анықталды. 

Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған студентіміз Шұғыла Нәлібай қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионатының алтын жүлдесін қанжығасына байлады. Шұғыла 75 келі салмақта рингке шығып, бақ сынады.

Жеңімпаз спортшымыздың жаттықтырушылары - Нұрсұлтан Арысбаев және Еркебұлан Купесов.

Студентімізді жарқын жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы жарыстарына сәттілік тілейміз!