ӨНЕРПАЗДАРЫМЫЗ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

  • 07.05.2024
  • KZ

image

Мамыр айының 1 мен 7 күндері аралығында Өзбекстанның Сурхандария облысында өткен "Байсун бахари" халықаралық фестиваль- конкурсы өтті.

Әйгілі "Алпамыс батыр" жырында қасиетті мекен ретінде аталатын "Жиделі Байсын" жерінде екінші рет ұйымдастырылған фольклорлық фестивальға оқу ордамыздың "Бисұлтан" би тобы мен әнші, күйші өнерпаздары қатысты.

Қазақстан Республикасы атынан қатысқан біздің университеттің өнерпаздары 10 мемлекет (Ресей, Белорус, Тәжікстан, Қырғызстан, Индия, Бразилия, Өзбекстан, Қазақстан, Түркия, Мажарстан)өнерпаздары ішінен жүлделі 3-ші орынға ие болды. 

Жеңімпаз өнерпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!