❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

ҒЫЛЫМ МЕН ҚОҒАМҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН ОҚЫТУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

  • 28.04.2026
  • KZ
  • 878

image

Оқу ордамыздың профессор-оқытушылар құрамы ел дамуына қосқан елеулі үлестері үшін жоғары марапаттарға ие болды.

Атап айтқанда, профессор, Журналистика кафедрасының негізін қалаушы, белгілі ардагер журналист, Түркістан қаласының құрметті азаматы Сейдулла Садықов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.

Айта кетейік, «Құрмет» ордені – Қазақстан Республикасының экономика, әлеуметтік сала, ғылым, мәдениет және білім беру салаларын дамытудағы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет пен қоғамдық белсенділіктегі еңбегі үшін берілетін жоғары мемлекеттік награда.

Сондай-ақ, Заң факультетінің Ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары, PhD Жандос Ибраев пен Конституциялық құқық және азаматтық құқық кафедрасының аға оқытушысы, PhD Алимардин Медетов және Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы, подполковник Серибай Мамбеталиев Түркістан облысының қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысып, азаматтық қоғамның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Түркістан облысы әкімдігінің арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

Қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға, маңызды әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға үлес қосқан оқытушыларымыздың айтулы жетістіктері құтты болсын!