Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Білім беру министрлерінің IX отырысы аясында университетіміздің ғалымдары әзірлеген жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға негізделген инновациялық жобалар таныстырылды.
Көрмені ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Оқу-ағарту министрінің орынбасары Шынар Ақпарова, Түркия Республикасының Ұлттық білім министрі Юсуф Текин мен Жоғары білім кеңесінің төрағасы Ерол Өзвар, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, Әзербайжан Республикасының ғылым және білім министрі Эмин Амруллаев, Қырғыз Республикасының білім министрі Догдуркүл Кендірбаева мен ғылым, жоғары білім және инновациялар министрінің орынбасары Дұрыс Көзуев, Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрінің бірінші орынбасары Сардор Раджабов пен өзге де делегация мүшелері тамашалады.
Ұсынылған жобалардың қатарында мемлекеттік сатып алулардағы тәуекелдерді анықтауға арналған «
BAQYLAY.KZ» платформасы бар. Аталған жүйе сатып алу үдерістерін талдау арқылы ықтимал тәуекелдерді анықтап, шешім қабылдау тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сондай-ақ, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған «AI-Jan» цифрлық экожүйесі көпшілік назарына ұсынылды. Жоба жасанды интеллект технологиялары арқылы білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Инвестициялық жобаларды басқару мен мониторинг жүргізуге арналған «IN-MAP» ақпараттық жүйесі де таныстырылды. Платформа инвестициялық бастамаларды бақылау жәнеолардың орындалу тиімділігін бағалауға арналған.
Бұдан бөлек, қатысушылар Ботаникалық бақтың цифрлық егізі (Digital Twin) жобасымен танысты. Жоба экологиялық мониторинг жүргізу жәнеөсімдіктердің жай-күйін талдау бағытындацифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін көрсетеді.
Медицина саласына арналған «MEDAI» интеллектуалды жүйесі де ерекше қызығушылық тудырды. Аталған жүйе рентгендік зерттеулерді талдау арқылы дәрігерлердің шешім қабылдау процесін қолдауға бағытталған.
Ұсынылған жобалар университет ғалымдарының ғылыми әлеуетін көрсетіп қана қоймай, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды түрлі салаларға енгізудегі тың бастамалардың нәтижесін көрсетті.