❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

  • 24.06.2026
  • KZ
  • 33

image

Университетімізде 2026–2027 оқу жылына талапкерлерді қабылдау науқаны аясында Қабылдау комиссиясының жұмысы қарқынды жүруде. Осы орайда, оқу ордамызда шығармашылық емтихандарға қатысуға өтініш қабылдау жалғасуда. 


Қабылдау комиссиясының мамандары талапкерлер мен олардың ата-аналарына шығармашылық емтихандарға тіркелу, қажетті құжаттарды рәсімдеу және қабылдау тәртібі бойынша жан-жақты кеңес беруде.


Сонымен қатар, оқу ордамызда талапкерлер үшін қолайлы жағдай жасалып, өтініш қабылдау үдерісінің ашық әрі тиімді ұйымдастырылуына ерекше көңіл бөлінген.


Айта кетейік, шығармашылық емтиханға қатысу үшін талапкерлер қабылдау комиссиясына білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, 3×4 см көлеміндегі екі фотосуретті, жеке куәліктің көшірмесін және ҰБТ сертификатын тапсырады. Ал, спорттық разряды немесе спорттық атағы бар талапкерлер оны растайтын құжаттың көшірмесін де ұсына алады.


Талапкерлер шығармашылық емтихандарды келесі білім беру бағдарламалары бойынша тапсыра алады: B004 – Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау, B005 – Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау, B006 – Музыка мұғалімдерін даярлау, B007 – Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау, B021 – Орындаушылық өнер, B027 – Театр өнері, B028 – Хореография, B031 – Сән, дизайн, B033 – Дінтану және теология, сондай-ақ B042 – Журналистика және репортер ісі.


Қабылдау комиссиясы талапкерлерді шығармашылық бағыттағы білім беру бағдарламалары бойынша құжат тапсырып, өз таңдаған мамандығына алғашқы қадам жасауға шақырады. Құжаттарды қабылдау 7 шілдеге дейін жалғасады.