ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚУ КЕҢІСТІГІ ЖАҢАРДЫ
Оқу ордамыздың №3 оқу ғимаратында орналасқан Спорт факультетінің Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық кафедрасы жаңа оқу жылына жаңарған оқу кеңістігімен қадам басқалы отыр.
Университет ректоры Жанар Темірбекова, Академиялық даму жөніндегі вице-ректор Эльмира Идрисова және Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов кафедраға барып, жаңарған кабинеттер мен оқу кеңістіктерін аралап көрді.
Әуелі университет басшылығын Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі Бағлан Ермаханов бастаған кафедра оқытушылары қарсы алып, ағымдағы жөндеу жұмысы барысын таныстырды.
Кафедраның негізгі жаңалықтарының бірі – VR және жалпы тактикалық дайындық, тир және қару-жарақ сақтау бағыттарына арналған арнайы кабинеттердің жасақталуы. Қазіргі таңда аталған оқу кеңістіктерін заманауи талаптарға сай жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, алдағы уақытта бейнебақылау жүйесін орнату, ауа алмасу параматерлерін реттеу құрылғыларын орнату және дабыл жүйелерін орнату, жылу жүйесін кіргізу жоспары бар.
Жаңарған кеңістіктерде студенттердің дене тәрбиесі, спорттық және әскери дайындық бағыттары бойынша теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік беретін жағдай қалыптастыру көзделген.
Сонымен қатар кафедраның бірқатар дәріс және семинар залдары жаңа құрал-жабдықтармен толықты. Аудиторияларға LED панельдер орнатылып, компьютерлер, парталар мен орындықтар жаңартылды.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, ұлттық ойындар мен спорт түрлері, гимнастиканы оқыту әдістемесі бағыттарындағы оқу аудиториялары да жаңартылып, көрнекі құралдар мен ақпараттық стендтермен жабдықталды. Стендтерге оқу материалдарына қосымша қолжетімділікті қамтамасыз ететін QR-кодтар орналастырылған.
Кафедрада оқу кеңістігінің мазмұнын арттыруға бағытталған креативті ақпараттық бұрыштар да жасақталған. Қабырғаларға спорт тақырыбындағы көркемсуреттер, спорт пен әскери дайындыққа арналған мотивациялық ұрандар орналастырылған.
Осылайша, оқытушылар жаңарған оқу кеңістіктері мен ақпараттық бұрыштар кафедраның заманауи келбетін қалыптастырып, білім алушыларға қолайлы ортада дәріс беруге ниетті.
Сапар соңында уиверситет басшылығы кафедрадағы жаңғырту жұмыстарымен танысып, оқу-материалдық базаны жетілдіру және студенттерге заманауи білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы бастамаларға оң бағасын берді.