❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

РЕКТОР ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

  • 21.08.2026
  • KZ
  • 105

image
Бүгін оқу ордамыздың ректоры Жанар Темірбекова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Ректормен кездесуге келгендердің басым бөлігі – университетте оқығысы келетін талапкерлер мен олардың ата-аналары. Сонымен қатар, бос жұмыс орындарына орналасуға өтініш білдіргендер.
Бұдан өзге университетіміздің оқытушылары мен қызметкерлері өз ұсыныстарын айтып, көкейдегі сауалдарына жауап алды.
Қабылдау барысында ректор әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдады. Оларға заң мен тәртіп қағидаттарына сай мәселені шешудің жолдарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Әртүрлі мәселелер бойынша нақты шешімдер ұсынып, жауапты құрылымдық бөлімдерге тапсырмалар берді.
Ректордың азаматтарды жеке қабылдауы нәтижесінде ашық диалог мәдениеті қалыптасып келеді.