❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

ЯСАУИ СТУДЕНТТЕРІ ӘЛЕМДІК ДОДАДА ЧЕМПИОН АТАНДЫ

  • 23.08.2026
  • KZ
  • 98

image
Оқу ордамыздың студенттері әлемдік додада топ жарып, ел мерейін асқақтатты. 
Спорт факультетінің 3-курс студенті Розиман Тугушов 55 келі салмақта ересектер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ спорт факультетінің биылғы түлегі Жұмажан Қожамбеков 74 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетіп, әлем чемпионатының 5 дүркін жеңімпазы атанды. Ол биыл біздің оқу ордамызда Құқықтану мамандығы бойынша оқуын жалғастырады.
Қос спортшының халықаралық аренадағы жарқын жеңісі – олардың табандылығы мен тынымсыз еңбегінің жемісі. 
Жас спортшылардың жетістігі университетімізде спортты дамытуға, студенттердің бұқаралық спортқа қызығушылығын арттыруға серпін береді. 
Розиман Тугушов пен Жұмажан Қожамбековті айтулы жеңістерімен құттықтаймыз! 
Жеңістеріңіз еселеніп, көк туымызды биікте желбірете беріңіздер!