❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫСЫ ICESCO РЕКТОРЛАР ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

  • 30.08.2026
  • KZ
  • 12

image
Университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова Ресей Федерациясының Татарстан Республикасына арнайы іссапармен барды. Іссапар барысында ректор Қазан қаласында өткен V Қазан жаһандық жастар саммиті аясындағы ICESCO ректорлар форумына қатысты.
Халықаралық жиында жаһандық сын-қатерлер жағдайында жоғары білім беруді дамыту, цифрландыру, жасанды интеллектті білім беру процесіне енгізу, адами капиталды қалыптастыру және халықаралық академиялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Форум жұмысына ICESCO өкілдерімен қатар, Палестина, Гамбия, Куба, Иран мемлекеттерінің білім және жоғары білім саласына жауапты басшылары, Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг және әлемнің бірқатар жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Жиында жоғары білім беру жүйесінің заманауи технологиялар дәуіріндегі рөліне ерекше мән берді. Қатысушылар жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім беру жүйесіне тиімді енгізу, жастардың жаңа дағдыларын қалыптастыру және университеттердің халықаралық серіктестігін кеңейту бағыттары бойынша пікір алмасты.
Форум барысында Қазан федералдық университетінің өкілдері оқу орданың халықаралық білім беру тәжірибесін таныстырып, шетелдік студенттерді оқыту, ғылыми зерттеулер жүргізу және ислам әлемі мемлекеттерімен ынтымақтастық бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Сондай-ақ, халықаралық жоғары білім беру алаңында университеттер арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту мәселелері қаралды.
Ректор Жанар Темірбекова форум аясында ICESCO-ның өкілдерімен келесі жылы «Түркістан – Ислам әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында өткізетін ортақ іс-шаралар жоспарын да талқылады.
Айта кетейік, ректорымыз іссапар барысында Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті. Басқосуда білім беру, ғылым және халықаралық ынтымақтастық байланыстарын одан әрі дамыту мәселелері сөз болды.
Жанар Темірбекова Татарстан Республикасы күніне арналған Президенттің арнайы қабылдау жиынына да қатысты.
Бұған қоса, университет басшысы Татарстан Ғылымдар Академиясының Президенті Рифкат Минниханов де кездесіп, ғылым саласы мен ғылыми зерттеулер бойынша ынтымақтастық туралы талқылады.