❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

УНИВЕРСИТЕТТЕ ЖАҢА ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ АШЫЛДЫ

  • 01.09.2026
  • KZ
  • 64

image

Бүгін оқу ордамызда 1- қыркүйек – Білім күніне орай және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жаңа демалыс аймағының салтанатты ашылуы өтті. 

Жаңа нысанның ашылуына Өкілетті Кеңес төрағасы Хүсейін Караман және университет ректоры Жанар Темірбекова, ректор өкілі Пейями Баттал, сондай-ақ, университет вице-ректорлары қатысып, игілікті істің бастауы ретінде лента қиды.

Сонымен қатар, университет басшылығы, факультет декандары, оқытушы-профессор құрамы және студенттер осы қуанышты сәтке куә болды. 

Заманауи кеңістіктің басты сәні – Ясауи отауы. Жасыл желек арасындағы арнайы орындықтар мен тамақтанатын аймақ бәрі де үйлесімді. 

Демалыс аймағы – студенттердің бос уақытын тиімді әрі жайлы өткізуіне арналған. Ашық аспанмен астасқан табиғат аясы студенттердің шығармашылық шабытын арттырып, тың идеяларды жүзеге асыратын орынның біріне айналмақ.