❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

СТУДЕНТТЕР ҚОНАҚ ҮЙ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

  • 15.09.2026
  • KZ
  • 47

image

Оқу ордамызда «Hilton by Hampton: Халықаралық қонақжайлық индустриясындағы мансап және кәсіби даму мүмкіндіктері» атты халықаралық семинар өтті.

Жиынның негізгі мақсаты – студенттерге халықаралық қонақжайлық индустриясының даму ерекшеліктері, қонақ үй бренді, заманауи қонақ үй менеджменті туралы ақпарат беру. Сондай-ақ, HR басқару жүйесінің халықаралық еңбек нарығындағы кәсіби мүмкіндіктерін ашып көрсету.

Айта кетейік, шараны Экономика және басқару факультеті, Менеджмент және туризм кафедрасы ұйымдастырды.

Семинарға халықаралық қонақжайлық индустриясының үздік мамандары: Hampton By Hilton Turkistan бас менеджері Диас Қалқұлов, Hilton Astana және Hampton by Hilton Turkistan қонақ үй кластерінің бас менеджері Лео Холли, Hilton Astana және Hampton by Hilton Turkistan қонақ үй кластерінің HR директоры Джено Дзидзигури арнайы келді.    

Саланың жетекші мамандары қонақ үй брендінің қалыптасу тарихы, оның әлемдік қонақжайлылық нарығындағы орны және қонақтарға сапалы қызмет көрсетудің негізгі қағидаттары туралы ақпарат берді.

Семинар барысында студенттер халықаралық қонақ үй индустриясының жұмысымен танысты. Нақтырақ айтқанда, қонақ үйді басқару, бас менеджердің тәжірибесі және күнделікті басқару жүйесі, көшбасшылық, тұтынушылардың қанағаттануы жөнінде ақпарат алды.

Осылайша, қатысушылар тәжірибелі шетелдік топ-менеджерлермен пікір алмасты. Әрі қазіргі таңда қонақ үй ісін жүргізуде жасанды интеллекттің рөлі сияқты өзге де көкейтесті сұрақтарына жауап алды.