❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

ЖАҢА СТУДЕНТТІК ҚҰРЫЛТАЙ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ!

  • 08.10.2026
  • KZ
  • 151

image

Оқу ордамызда 2026–2027 оқу жылына арналған Студенттік Құрылтай төрағасы мен төраға өкілін сайлау өтті.

Сайлауға университет студенттері белсенді қатысты. Жалпы саны 1142 адам дауыс берді.

Сайлау қорытындысы бойынша Студенттік Құрылтай төрағасы қызметіне Филология факультетінің 3-курс студенті Гүлім Амантайқызы, ал Студенттік Құрылтай төрағасының өкілі қызметіне Филология факультетінің 3-курс студенті Мұхаммет Али Боз сайланды.

Айта кетейік, 2026–2027 оқу жылынан бастап студенттік басқару жүйесі жаңғыртылып, Студенттік парламенттің орнына Студенттік Құрылтай өз жұмысын бастады.

Жаңа сайланған Студенттік Құрылтай төрағасы мен оның өкілін жеңістерімен құттықтай отырып, студенттік бастамаларды қолдау, жастардың көшбасшылық әлеуетін дамыту және университет өмірін жандандыру жолындағы жұмыстарына толағай табыс, тың идеялар мен сәттілік тілейміз!