❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

КІТАПХАНАНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

  • 08.10.2026
  • KZ
  • 112

image

Университет  кітапханасының ұйымдастыруымен медицина және стоматология факультеттерінің оқытушылары мен студенттеріне арналған ақпараттық вебинар өтті.

Вебинар барысында кітапхана ұжымы қатысушыларға кітапхана сайтының құрылымы мен мүмкіндіктерін жан-жақты таныстырды. Сонымен қатар, электрондық деректер базалары және цифрлық ресурстарды оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарында тиімді пайдалану жолдарын түсіндірді.

Іс-шара еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Вебинар қызу талқылауға ұласып, кітапхананың электрондық мүмкіндіктерін кеңінен танытуға бағытталған пайдалы ақпарат алаңына айналды.