❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

ЖАНАР ТЕМІРБЕКОВА YTB БАСШЫСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

  • 31.10.2026
  • KZ
  • 55

image
Университет ректоры Жанар Темірбекованың Түркия Республикасының астанасы Анкара қаласына сапары аясындағы кездесулері жалғасып жатыр. Ректор Шетелдегі түріктер және туыстас қауымдастықтар басқармасының (YTB) басшысы Абдулхади Туруспен жүздесті.
YTB басшысы Абдулхади Туруспен әңгімелесу барысында ректор түркі дүниесіндегі білім беру байланыстарын нығайту, жастардың әлеуетін арттыру және ортақ құндылықтарды дәріптеу бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Сонымен қатар, кездесуде Абдулхади Турус студенттерге арналған бағдарламалардан бөлек, оқытушыларға да бағытталған арнайы бағдарламаны іске қосу жоспарланып отырғанын жеткізді.
Бұл бастама университет оқытушыларының кәсіби біліктілігін арттыруға, халықаралық тәжірибе алмасуына және Түркияның білім беру кеңістігімен байланысын кеңейтуіне жаңа мүмкіндік бермек. Бұған дейін студенттерге бағытталған бағдарламалар арқылы жүзеге асқан әріптестіктің енді оқытушылар қауымын да қамтуы қазақ-түрік білім байланысының аясын кеңейте түседі.
Ректор Жанар Темірбекованың Анкарадағы кездесулері университеттің халықаралық байланыстарын кеңейтуге, білім мен ғылым саласындағы жаңа мүмкіндіктерді қарастыруға және түркі дүниесіндегі ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталып отыр.