❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

«ОЙДАН ДАҒДЫҒА: IQ_STEPS»: СТУДЕНТТЕР АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

  • 12.11.2026
  • KZ
  • 120

image
Оқу ордамызда университет кітапханасының ұйымдастыруымен «Ойдан дағдыға: IQ_STEPS» зияткерлік марафонының алғашқы кездесуі өтті.
Аталған марафон Президентіміздің «Кітап оқитын ұлт –зерделі ұлт» жобасы аясында өтіп жатыр.
Марафонның басты мақсаты – студенттер арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, олардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, сыни ойлау қабілеті мен дүниетанымын дамыту, кітап оқуды күнделікті дағдыға айналдыру.
Алты айға жоспарланған, 12 шығарма мен 12 қадамды қамтитын марафонның алғашқы кездесуі қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының қара сөздеріне арналды.
Кездесу барысында студенттер Абайдың қара сөздерінің негізгі ойлары мен философиялық тұжырымдарын жан-жақты талқылады. Қатысушылар ақынның адамгершілік, білім, еңбек, мінез, тәрбие, ғылым мен парасат туралы ойларына тереңірек үңіліп, әрбір қара сөздің мән-мағынасын саралады.
Талқылау барысында Абай көтерген мәселелердің бүгінгі қоғаммен байланысы да назардан тыс қалмады. Студенттер ақынның тағылымды ойларын қазіргі өмірмен сабақтастыра отырып, өз көзқарастарын ортаға салды.
Алдағы уақытта марафон аясында өзге де тағылымды шығармалар талқыланып, әр туындының мазмұны мен көтерген мәселелеріне тереңірек үңіледі.