❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

QS SUSTAINABILITY 2027 РЕЙТИНГІ: УНИВЕРСИТЕТІМІЗ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ҮЗДІК БЕСТІККЕ ЕНДІ

  • 17.11.2026
  • KZ
  • 98

image
Оқу орнымыз QS World University Rankings: Sustainability 2027 халықаралық рейтингінде Қазақстанның университеттері арасында 5-орынға ие болды.
Әлемнің 2 003 жоғары оқу орны қамтылған рейтинг қорытындысы бойынша университетіміз жаһандық деңгейде 1301–1400 орындар аралығына орналасты. Аймақтық рейтингте оқу ордамыз Азияның 849 университеті арасында 490-орыннан көрінді.
Ал Қазақстаннан қатысқан 24 университет арасында үздіктер қатарына еніп, 5 орынға тұрақтады.
Халықаралық срапашылар оқу орнымыздың экологиялық жауапкершілік, әлеуметтік тұрақтылық және тиімді басқару бағыттарындағы қызметіне жақсы баға берген.
Университеттің жалпы көрсеткіші 100 балдың ішінен 47,5 балды құрады. Ең жоғары көрсеткіштер төмендегі бағыттар бойынша тіркелді:
• Governance (Басқару) — 83,7 балл;
• Environmental Impact (Қоршаған ортаға әсер) — 46,3 балл, оның ішінде Environmental Sustainability(Экологиялық тұрақтылық) көрсеткіші бойынша — 48,3 балл.
Аталған нәтижелер университетте басқару жүйесін жетілдіру, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және тұрақты даму қағидаттарын институционалдық қызметке енгізу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын айшықтайды.
Сондай-ақ, QS ұйымы ұсынған сертификаттарда университеттің рейтингтің негізгі санаттары бойынша нәтижелері де көрсетілген:
* Overall – 1301–1400 орындар аралығы;
* Environmental Impact – 1143-орын;
* Social Impact – 1251+;
* Governance – 566-орын.
Бұл көрсеткіштер университеттің тұрақты даму саласындағы қызметінің әртүрлі бағыттар бойынша бағаланғанын және халықаралық рейтингке қатысу нәтижелерін растайды.
Айта кетейік, QS World University Rankings: Sustainability – жоғары оқу орындарының тұрақты даму саласындағы қызметін бағалайтын халықаралық рейтинг. Оның әдістемесі 50-ден астам көрсеткішті қамтиды. Бағалау үш негізгі бағыт бойынша жүргізіледі: қоршаған ортаға әсер (Environmental Impact), әлеуметтік әсер (Social Impact) және басқару (Governance).
Рейтинг университеттердің ғылыми-зерттеу қызметін, білім беру үдерісін, институционалдық саясатын, кампус инфрақұрылымын және қоғамның дамуына қосқан үлесін кешенді түрде бағалайды.
Университет ұжымын халықаралық рейтингтегі жетістігімен құттықтаймыз! Бұл жетістіктер — университеттің білім беру, ғылым және тұрақты даму бағыттарындағы жүйелі жұмысының, сондай-ақ оқытушылардың, зерттеушілердің, қызметкерлер мен студенттердің бірлескен еңбегінің жемісі.
Алдағы уақытта да өзара үйлесімді жұмыс, стратегиялық бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асыру және ортақ мақсаттарға ұмтылу арқылы университетіміз бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізеді деп сенеміз!