❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

УНИВЕРСИТЕТЕТІМІЗ QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS СЕРТИФИКАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

  • 19.11.2026
  • KZ
  • 196

image
Оқу орнымыз әлемдегі беделді жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингтерінің бірі – QS World University Rankings нәтижесі бойынша сертификатқа ие болды. Марапатты QS Quacquarelli Symonds ұйымының президенті әрі негізін қалаушы Нунцио Квакварелли университет ректоры Жанар Темірбековаға салтанатты түрде табыстады.
 
Марапаттау рәсімі Астана қаласында өткен ІІІ Стратегиялық серіктестер форумы аясында ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға университеттің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор Хусейн Караман мен вице-ректор Эльмира Идрисова да қатысты.
 
QS World University Rankings 2027 рейтингінің қорытындысы бойынша университетеміз әлемнің жетекші жоғары оқу орындары арасында 851–900 орындар аралығынан көрінді.
 
Айта кетейік, QS World University Rankings – әлемдегі жоғары оқу орындарының қызметін бағалайтын беделді халықаралық рейтингтердің бірі. Бағалау барысында академиялық бедел, жұмыс берушілер арасындағы бедел, оқытушылар мен студенттер арақатынасы, ғылыми жарияланымдардың дәйексөз алу көрсеткіші, халықаралық академиялық құрам және ғылыми ынтымақтастық сияқты негізгі өлшемдер ескеріледі.
 
Университеттің халықаралық рейтингтегі нәтижесі – профессор-оқытушылар құрамы, зерттеушілер, қызметкерлер мен білім алушылардың ортақ еңбегінің жемісі.
 
Баршамызға құтты болсын!