❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

БІТІРУШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

  • 20.11.2026
  • KZ
  • 35

image
Оқу ордамызда жылдағы дәстүрге сай Академиялық мәселелер жөніндегі вице-ректор Эльмира Идрисова және Академиялық департаменттің мамандары бітіруші курс студенттерімен арнайы кездесулер өткізді.
 
Басты мақсат – оқуын аяқтағалы отырған студенттерге маңызды академиялық талаптарды түсіндіру, қорытынды аттестацияға дайындық барысын нақтылау.
 
Кездесулер барысында Академиялық мәселелер жөніндегі вице-ректор Эльмира Идрисова бастаған мамандар студенттерге университеттің стратегиялық дамуы мен оқу процесінің соңғы кезеңіне байланысты маңызды ақпараттар берді.
 
Қорытынды кездесуді Академиялық департамент директоры Ардақ Бостанова жүргізді. Жиында студенттерге Академиялық адалдық талаптары, академиялық күнтізбе мен қорытынды аттестацияның өткізілу тәртібі, дипломдық жұмысты рәсімдеу ережелері, бағалау жүйесі және бітірушілерге арналған академиялық регламенттер бойынша мағлұматтарды бөлісті.
 
Сондай-ақ, басқосуда дипломдық жобаларды орындау мен қорғау талаптары, өндірістік іс-тәжірибеден өту тәртібі, дипломалды дайындық кезеңінің ерекшеліктері және сессияның өткізілу форматын түсіндірді.
 
Ал Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс бөлімінің басшысы Салима Мухиддинова мемлекеттік білім беру гранты негізінде білім алып жатқан студенттерге оқу орнын аяқтағаннан кейінгі жұмыспен өтеу міндеттемесі туралы баяндады. Атап айтқанда, грантты жұмыспен өтеу мерзімі, оны орындау тәртібін таныстырды.
 
Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жауап алды.
 
16-20 қараша күндері өткен кездесулер бітіруші курс студенттеріне алдағы қорытынды аттестацияға, өндірістік іс-тәжірибеге және дипломдық жұмысты қорғауға дайындық барысын нақтылауға мүмкіндік берді.