❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

ӨКІЛЕТТІ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ ШЫМКЕНТТЕГІ УНИВЕРСИТЕТ КАМПУСТАРЫН АРАЛАДЫ

  • 24.11.2026
  • KZ
  • 96

image

Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Хүсейін Караман оқу ордамыздың Шымкент қаласындағы Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультетінің қызметімен танысты.  

Хүсейін Караман факультеттің оқытушы-профессорлар құрамымен де кездесті. Басқосуда медициналық білім берудің сапасын арттыру, клиникалық даярлықты жетілдіру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту мәселелері талқыланды.

Өкілетті Кеңес төрағасы сапар барысында студенттердің клиникалық тәжірибеден өтіп жүрген медициналық мекемелерін аралады. Болашақ дәрігерлердің кәсіби даярлығына қажетті тәжірибелік білім алатын клиникалық базалардың мүмкіндіктерін көрді. Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы өзге де кампустарды аралап, ондағы инфрақұрылымның жай-күйі мен білім беру процесіне арналған нысандардың жұмысын бағамдады.  

Аталған сапар университеттің медициналық білім беру бағытындағы қызметін, клиникалық тәжірибе базаларының әлеуетін және өңірдегі білім беру ортасының даму мүмкіндіктерін бағамдауға мүмкіндік берді.