❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

Студенттеріміз «Медицина виртуоздары — 2026» VI Халықаралық олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды

  • 25.11.2026
  • KZ
  • 93

image

2026 жылғы 30–31 қазан аралығында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында, Ташкент мемлекеттік медицина университетінің базасында Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Медицина виртуоздары — 2026» VI Халықаралық студенттік практикалық медициналық дағдылар олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға түрлі елдердің медициналық жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, өздерінің теориялық білімдерін, практикалық дағдыларын, кәсіби даярлық деңгейін және медицина саласында үздіксіз дамуға деген ұмтылысын көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша студенттеріміз жоғары нәтижелерге қол жеткізді:
I секция — «Терапия»
Мырзаш Айгүл және Шамсиддинова Дильбар — 3-орын, жетекшісі: Ибрагимова С.И.
II секция — «Педиатрия»
Куспекова Айжан — 3-орын, жетекшісі Ильясова Г.Т.
III секция — «Репродуктивті денсаулық»
Хасанова Рамина — 3-орын, жетекшісі: Кушкарова А.А.
IV секция — «Шұғыл медициналық көмек»
Бахтиярова Рухшона — «The Holder of Professionalism» номинациясы бойынша диплом, жетекшісі: Жунусов М.С.
V секция — «Медициналық профилактика»
Жұмахан Динара — «The Holder of Professionalism» номинациясы бойынша диплом, жетекшісі: Назарова Л.К. 
Топ жетекшісі және Педиатрия секциясы бойынша қазылар алқасы: Ішкі аурулар кафедрасының аға оқытушысы, магистр Ильясова Гулнара Темирбековна. 
Жеңімпаздарымызды лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістіктер — табандылықтың, қажырлы еңбектің, білімге деген құштарлықтың және кәсіби дамуға ұмтылыстың нәтижесі.
Алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа жеңістер, шабыт пен медицина жолындағы жарқын жетістіктер тілейміз!✨